Елде қанша сақтандыру ұйымы бар

3 Қаңтар 2024, 10:53
581
Бөлісу:
Елде қанша сақтандыру ұйымы бар
Фото: BAQ.KZ - архив

2023 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының сақтандыру секторында 25 сақтандыру ұйымы бар, оның 9-ы – өмірді сақтандыру бойынша, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2023 жылғы қараша айының қорытындысы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының активтері негізінен шетел валютасында активтерді қайта бағалау нәтижесінде 0,2%-ға 2,4 трлн теңгеге дейін шамалы азайды (2023 жылдың басынан бері 18,2%-ға өсу).

2023 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша активтер құрылымында ең көп үлес бағалы қағаздарға – 71,6% (1,7 трлн теңге), екінші деңгейдегі банктердегі ақшалай қаражат пен салымдарға – 5,5% (134,0 млрд теңге), сақтандыру дебиторлық берешекке – 3,0% (74 млрд теңге) тиесілі.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының міндеттемелері 2023 жылғы қарашада сақтандыру резервтерінің өсуі нәтижесінде 0,3%-ға 1,5 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2023 жылдың басынан бері 19,4%-ға өсу).

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының меншікті капиталы 2023 жылғы қарашада 1,0%-ға немесе 9,4 млрд теңгеге 899 млрд теңгеге дейін, негізінен инвестициялық қызмет бойынша шығындар есебінен азайды (2023 жылдың басынан бері 16,0%-ға өсу).

2023 жылғы қарашада сақтандыру нарығы бойынша таза пайда негізінен шетел валютасы құнын қайта бағалау есебінен 8,1 млрд теңге болды (2023 жылдың басынан бері – 188,2 млрд теңге).

2023 жылғы қарашада жеке және заңды тұлғалар бойынша жасалған сақтандыру шарттарының саны 1 504 мың шартты құрады, бұл 2023 жылғы алдыңғы аймен салыстырғанда 1,0%-ға көп.

2023 жылдың басынан бері жеке және заңды тұлғалар бойынша жасалған сақтандыру шарттарының саны 15 413 мың шартты құрады, бұл 2022 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 38,0%-ға артық. Негізгі өсім жазатайым оқиғалардан сақтандыру (143,9%-ға немесе 1 882 мың шарт) және көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру (13,9%-ға немесе 772 мың шарт) бойынша шарттарға тиесілі.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша қабылданған сақтандыру сыйлықақылары 2023 жылғы қарашада 81,6 млрд теңге. Сақтандыру сыйлықақылары 2023 жылғы 11 айда барлығы 876,1 млрд теңге, бұл 2022 жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда 25,5%-ға көп. Сақтандыру сыйлықақылары өсуінің негізгі драйвері ерікті мүліктік сақтандыру сыныбы болып табылады.

Міндетті сақтандыру бойынша жылдың басынан бері 173,3 млрд теңге сомаға сақтандыру сыйлықақылары жиналды, бұл өткен жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда 13,8%-ға көп. Ұлғаю, негізінен, Қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы заң шеңберінде жүзеге асырылатын ерікті жеке аннуитеттік сақтандыра отырып, сақтандырудың аталған сыныбын біріктіруді ескере отырып, қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру (30,3%-ға немесе 16,5 млрд теңгеге өсу) бойынша және көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру (2,7%-ға немесе 2,3 млрд теңгеге өсу) бойынша орын алды.

Ерікті жеке сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 2023 жылғы 11 айда 313,9 млрд теңге, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 23,1%-ға көп. Өсу, негізінен, жазатайым оқиғалардан сақтандыру бойынша жиналған сыйлықақылар сомасының ұлғаюымен байланысты (73,6%-ға немесе 22,0 млрд теңгеге өсу).

Ерікті мүліктік сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақылары ағымдағы жылдың басынан бері 389,0 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда 33,7%-ға көп. Өсу, негізінен, автомобиль көлігін сақтандыру бойынша жиналған сыйлықақылар сомасының 94,2%-ға немесе 42,4 млрд теңгеге және мүлікті сақтандыру бойынша 18,1%-ға немесе 26,5 млрд теңгеге ұлғаюымен байланысты.

2023 жылғы қарашада сақтандыру төлемдері 29,4 млрд теңге. 2023 жылдың басынан бері сақтандыру төлемдері 244,3 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда 47,7%-ға көп. Өсу, негізінен, мүлікті сақтандыру және өмірді сақтандыру бойынша сақтандыру төлемдерінің ұлғаюымен байланысты.

2023 жылғы қарашада барлығы 99,7 мың төлем, 2023 жылдың басынан бері – 1 002,3 мың төлем жүзеге асырылды.

Өзгелердің жаңалығы