Елде 16 жасқа дейін 6 162 мың бала бар, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бүгінде Қазақстанда 16 жасқа дейін 6 162 мың бала бар, оның 51,4% ұлдар болса, 48,6% – қыздар. Қалалық жерлерде 3 664 мың бала тұрса, ауылдық жерлерде – 2 497 мың бала бар.
Өңірлер бөлінісінде балалардың ең көп саны Түркістан облысында – 836 мың, одан кейін Алматы қаласы және Алматы облысында, сәйкесінше 592 мың және 498 мың баладан.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай құттықтау жолдаған еді.
Баршаңызды Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтаймын! Бала – бауыр етіміз. Олар – еліміздің ертеңі. Мемлекет өскелең ұрпақтың білімді әрі жан-жақты болып өсуі үшін барлық жағдайды жасайды. Балаларымыздың болашағы баянды болсын! – деп жазды Президент.
Оқи отырыңыз: