Елде күріш өсіру күрт азайып, шетелден 3,5 есе көп күріш әкелінді

24 Қыркүйек 2023, 07:45
949
Бөлісу:
Елде күріш өсіру күрт азайып, шетелден 3,5 есе көп күріш әкелінді
Фото: baq.kz

Елімізде күріш импорты 3,5 есе өсті, деп хабарлайды BAQ.KZ ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

2023 жылдың қаңтар-шілде айларында Қазақстанда жартылай ақталған немесе толық ақталған/тазартылған немесе уатылған 107,8 мың тонна күріш өндірілді, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,3%-ға аз.

Өндіріс көлемінің төмендеуі аясында импорт аталған уақыт аралығында 3,5 есе, яғни 5,5 мыңнан 19,1 мың тоннаға дейін өсті.

Бұл ретте импорт өнімінің үлес салмағы 15% құрады.

Күріш экспорты да 9,9%-ға, 69,8 мың тоннаға дейін өсті (2022 жылғы қаңтар-шілде – 63,5 мың тонна).

Биылғы 7 айда ішкі нарықтағы сатылым 57 мың тонна болды, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 17,7% кем.

Өзгелердің жаңалығы