Елде коронавирусқа қарсы вакцинаны 9 479 958 адам салдырды

25 Сәуір 2022, 08:53
1026
Бөлісу:
Елде коронавирусқа қарсы вакцинаны 9 479 958 адам салдырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның І компонентін 9 479 958 адам салдырды, деп хабарлайды ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК.

Коронавирусқа қарсы вакцинаның ІІ компонентін 9 233 957 адам салдырды.

2022 жылғы 24 сәуірдегі «Pfizer» вакцинасының I дозасын 1 045 637 адам, ІІ дозасын 896 246 адам салдырды.

Вацинаның І компонентін салдырғандардың 816 948-і жасөспірімдер, 37 807-сі жүкті әйелдер, 135 122-сі бала емізетін әйелдер.

ІІ компонентін салдырғандардың 740 331-і жасөспірімдер, 32 840-ы жүкті әйелдер, 117 731-і бала емізетін әйелдер.

Өзгелердің жаңалығы