Елде есірткі жарнамалайтын 1900 сайт бұғатталды

14 Қараша 2022, 11:57
873
Бөлісу:
Елде есірткі жарнамалайтын 1900 сайт бұғатталды

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Айтуынша, Мемлекет басшысының қабылдауында болған министр Ахметжанов Президенттің алдында осы мәселелермен бөліскен. 

Полицейлер заңсыз айналымнан 12 тоннаға жуық есірткі, оның ішінде 212 кг синтетикалық түрін тәркіледі. 36 есірткі зертханасы мен 43 есірткі арнасы жойылды, есірткі жарнамасы бар 1900 сайт бұғатталды. ІІМ нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы үш жылдық кезеңге арналған кешенді жоспар әзірленіп жатыр, - деп атап өтті ведомствоның өкілі.

Сонымен қатар ол адам саудасына қарсы заң дайындалғанын алға тартты. 

Сондай-ақ «Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы» арнайы заң әзірленді. Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы елдегі азаматтардың қауіпсіздігі мен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша бірқатар нақты міндет қойды, - деді Шұғыла Тұрлыбек. 

Еске сала кетейік, бұған дейін ел аумағында 7 күнде 3 мыңнан астам қылмыс жасалғаны туралы жазған болатынбыз. Соның ішінде полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 18 кісі өлтіруді, 4 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 1 қарақшылық, 27 тонау және 440 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашқан. 

Өзгелердің жаңалығы