ІІМ: Ел аумағында 7 күнде 3 мыңнан астам қылмыс жасалған

14 Қараша 2022, 11:39
1042
Бөлісу:
ІІМ: Ел аумағында 7 күнде 3 мыңнан астам қылмыс жасалған

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Бір апта ішінде 3018 қылмыс жасалды, оның 1914-і тәулік ішінде ашылды, - деп атап өтті ел аумағындағы криминогендік жағдайға тоқталған ведомство өкілі.  

Сонымен қатар ол «ізін суытпай» ашылған қылмыс санына тоқталды. 

Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 18 кісі өлтіруді, 4 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 1 қарақшылық, 27 тонау және 440 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты, - деді Шұғыла Тұрлыбек.  

Сондай-ақ ол Мемлекет басшысы ішкі істер министрі Марат Ахметжановты қабылдағанын алға тартты.

Президент елдегі қылмыстық жағдайдың 10 айдағы жай-күйі туралы есепті тыңдады. Қасым-Жомарт Тоқаевқа кісі өлтіру, зорлау, қарақшылық, тонау, мал ұрлығы, сондай-ақ бұрын сотталғандар жасаған, мас күйінде және отбасылық-тұрмыстық салада жасалған қылмыстар санының азаюы туралы баяндалды. Сондай-ақ Мемлекет басшысына құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары, атап айтқанда, отбасылық-тұрмыстық салада зорлық-зомбылық жасағаны үшін жауапкершілікті күшейту жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу туралы ақпарат берілді. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл тәсілдерінің өзгеруі, олардың өмір сүру себептері мен жағдайларын және қаржыландыру көздерін жоюға баса назар аударылды, - дейді ІІМ өкілі. 

Министр атап өткендей, бопсалауға, адам саудасына, қару-жарақ, есірткі және басқа да қылмыстарға маманданған 33 ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды.

Өзгелердің жаңалығы