Елде бір жылда көмір бағасы 12% қымбаттады

3 Қараша 2023, 01:45
740
Бөлісу:
Елде бір жылда көмір бағасы 12% қымбаттады
Фото: baq.kz

2023 жылдың қаңтар-қыркүйегінде тас көмір өндірісі 84,8 млн тонна болды, бұл былтырғы сәйкес кезеңнен 2,1% аз. Оның ішінде қоңыр көмір 3,3 млн тоннаны, ал көмір концентраты – 2,7 млн тоннаны құрады. Бұл туралы BAQ.KZ energyprom.kz-ке сүйеніп хабарлайды.

Павлодар облысында көмір өндірісі 0,6% немесе 279,3 мың тоннаға өссе, Қарағанды облысында 3,6% немесе 1 млн тоннаға азайған. Көмір өндірудің айтарлықтай көлемі Абай (5,7 млн тонна) және Ұлытау (876,8 мың тонна) облыстарында да болды.

2023 жылдың қаңтар-тамызында көмір экспорты 18,3% төмендеп, 19,4 млн тоннаны құрады. Бұл ретте ішкі нарықта көмір сату 5,6% өсіп, 55,9 млн тоннаны құрады.

2023 жылғы қыркүйектің соңында тас көмірдің бағасы бір айда 3% өсті, бұл соңғы 2 жылдағы ең елеулі айлық баға өсімі (2021 жылдың қарашасында тас көмір 3,7% қымбаттаған).

Бір жылда көмір 12,3% қымбаттады. 2022 жылдың қыркүйегіндегі баға 10,8% қымбаттаған. ҚР өңірлері ішінде көмір бағасының ең көп өсімі Ақтөбе облысында болды: 39,2%. Одан кейін Түркістан облысы (28,8%) және Алматы (23,5%). Баға ең аз өскен өңірлер Алматы және Қарағанды облыстары: тиісінше 2,3% және 3,7%. Батыс Қазақстан облысында баға өзгерген жоқ, ал Жамбыл облысында 3,6% арзандады.

Өзгелердің жаңалығы