Елде 7 мыңға жуық тұрмысы нашар отбасы бар

18 Қазан 2022, 10:57
1343
Бөлісу:
Елде 7 мыңға жуық тұрмысы нашар отбасы бар

Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Марат Ахметжанов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Тағы бір мәселе – ол қазір елімізде 6 800 тұрмысы нашар отбасы бар, ол отбасыларда 10 мың бала бар. Олар тәуекел аумағына кіреді. Сондықтан мемлекет тарапынан ерекше назарды қажет етеді. Заңнамада олардың медициналық-әлеуметтік есебін қалыптастыру туралы норма көзделген. Бірақ бұл шаралар іске асып жатқан жоқ. Медициналық-әлеуметтік есепке алу ережелері әлі күнге дейін әзірленбеген, - деді ведомство басшысы. 

Осыған байланысты министр осы салаға жауапты мемлекеттік орган ретінде – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігін белгілеуді ұсынды. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Марат Ахметжанов маскүнемдерді наркологиялық мекемеге жатқызу үшін полицейлер жеке қаражатын жұмсауға мәжбүр екендігін айтқан болатын. Бұл ретте еліміз бойынша бар-жоғы 20 ғана мамандандырылған наркологиялық мекеме жұмыс істейтіні белгілі болды. Ал оларға азаматтарды жіберу процедурасы аса бюрократияға айналып кеткен.

Өзгелердің жаңалығы