Елде 219 мың шетелдік автокөлік заңдастырылды

16 Тамыз 2023, 04:20
535
Бөлісу:
Елде 219 мың шетелдік автокөлік заңдастырылды
Фото: baq.kz

Бұл өткен жылдың 1-ші қыркүйегіне дейін әкелінген көліктер. Олардың басым көпшілігі Ресейден кіргізілген, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл жөнінде Ішкі істер министрлігі хабарлады. Заңдастыру кезінде бірқатар кедергілер болды. Әсіресе қосалқы бөлшек түрінде жеткізілген көліктерді есепке қою мәселесі ұзақ қаралды. Ақыры автоконструкторларды да заңдастыруға рұқсат беріліп, 16 мың автомобильге қазақстандық нөмір тағылған. Науқан биыл қаңтар мен шілде айлары аралығында жүргізілді. Енді жеңілдетілген тәртіппен көліктерін заңдастырып үлгермеген жүргізушілерге қатысты полицейлер заң жүзінде шара қолданылады деп отыр.

Талапқа бағынбаған жүргізушілерге әкімшілік кодекс бойынша 10 АЕК айыппұл салынады бірінші рет. Екінші рет тағы да сондай заң бұзушылық болатын болса онда тағы да сондай айыппұл салынып, автокөліктер арнайы тұрақтарға қойылатын болады. Сондықтан автокөліктеріңізді уақытында тіркеуге қойып, төлемдердің бәрін төлеп, Қазақстанның мемлекеттік белгісімен, мемлекеттік төлқұжатын алу керек, - деді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Астанақайсар Сұлтанбаев.

Өзгелердің жаңалығы