Елде 2 176 адам хабар-ошарсыз жоғалып кеткен

12 Қыркүйек 2023, 09:22
1370
Бөлісу:
Елде 2 176 адам хабар-ошарсыз жоғалып кеткен

Қазіргі уақытта елде 10 748 адам іздестірілуде, олардың 2 176 хабар-ошарсыз жоғалғандар, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің деректері бойынша қазіргі уақытта 10 748 адам іздестірілуде, олардың 2 176 хабар-ошарсыз жоғалғандар

Жоғалған адамдардың көп бөлігі:

▪️Алматы қаласы - 287;
▪️Қарағанды облысы-221;
▪️Павлодар облысы-170;
▪️Алматы облысы - 167 тіркелген.

Көбінесе 30 -дан 49 жас аралығындағы ер адамдар әртүрлі жағдайларда жоғалады (77%).

Үйден кетіп, оралмаған - 1 634 адам, 
автокөлікпен жоғалған – 74, 
жұмыстан кеткен-36.

Сондай-ақ, елде тергеу мен соттан жасырынған 2 372 адам іздестірілуде.

Іздестірілуде жүргендер негізінен 31 мен 40 жас аралығындағы ер адамдар (89%).

Олардың ең көп саны алаяқтық (510), ұрлық (318) және кісі өлтіру (146) дерегі бойынша:
◾️Алматы қаласында (514)
◾️Астана қаласында (185)
◾️Шымкент қаласында (155)
◾️Алматы (143) 
◾️Қарағанды (140) облыстарында іздестірілуде.

Қазақстанда іздестіруді ішкі істер органдары, экономикалық тергеу қызметі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүзеге асыратынын еске саламыз.

Өзгелердің жаңалығы