Елбасының Конституцияны қалыптастырудағы рөлі зор

1 Шілде 2020, 11:52
1709
Бөлісу:
Елбасының Конституцияны қалыптастырудағы рөлі зор

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Конституциялық кеңестің мүшесі Виктор Малиновский "Қазақстан Республикасы тұңғыш президентінің тәуелсіз Қазақстанның конституциялық құрылысындағы рөлі: Елбасы тәжірибесі" кітабының онлайн тұсаукесерінде айтты.  

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа Конституцияның әзірленуі мен күшке енуіндегі шешуші рөл тиесілі. Елбасының көшбасшы қасиеттерінің негізінде конституциялық үрдісті жүзеге асыратын жүйелік жұмысты қалыптастарды. Республикалық референдумда Конституцияның қабылдануы тұңғыш президенттің елді катаклизмдерден қорғайтын тағдыршешті шешімі болды, - деді ол. 

Оның айтуынша, Елбасы әркез көп істерінде айтылған құндылықтарға сүйенеді. 

Ол өзінің шешімдері мен бастамалары арқылы Конституцияға деген адалдығын көрсетеді. Ол барлығын негізгі заңға аса қамқорлықпен қарауға шақырады. Елбасы Конституцияның ортасында адам болуы керегін айтады. Тек, осы жағдайда ғана Конституция халықтық құжат бола алады, - деді ол. 

Айта кетейік, кітап Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті – Елбасы Н. Назарбаевтың 80 жылдық мерейтойына арналған және Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі ұлттық іс-шаралар жоспары негізінде басылып шықты.

Өзгелердің жаңалығы