Елбасы атындағы стипендия көбейді

7 Қыркүйек 2020, 21:58
2297
Бөлісу:
Елбасы атындағы стипендия көбейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Назарбаевтың мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясының мөлшері артты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

"Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 3 сәуірдегі № 369 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 3 сәуірдегі № 369 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 18, 185-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"1. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы жыл сайынғы 75 мемлекеттік стипендиясы айына 55 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тағайындалсын.".

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


Өзгелердің жаңалығы