"Елбасы. Жастық. Жасампаздық" көрмесі ашылды

23 Қараша 2019, 11:30
4262
Бөлісу:
"Елбасы. Жастық. Жасампаздық" көрмесі ашылды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған Елбасы кітапханасының іс-шаралар онкүндігінің аясында М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінде "Елбасы. Жастық. Жасампаздық" ақпараттық-имидждік жоба бағдарламасы ұсынылды.

Жастар жылына орай ұйымдастырылған "Елбасы. Жастар. Жасампаздық" ақпараттық-имидждік жобасы Елбасы кітапханасы қызметінің білім беру, көрмелік және экскурсиялық үш негізгі бағытын біріктіреді.

WhatsApp Image 2019-11-22 at 18.02.56.jpeg

Мәдени шараны ашқан Елбасы кітапханасының директоры Әмірхан Рахымжанов жиылған қауымды Тұңғыш Президент күнімен құттықтап, аталмыш жобаның маңыздылығына тоқталды.

Бұл мерекенің еліміз үшін маңызы айрықша. Қазақ елінің әлемге танылуына Елбасының сіңірген үлесі шексіз.Осы айтулы күнге орай, Елбасы кітапханасы әзірлеген іс-шаралар онкүндігі 20 қараша күні "Жастар – елдің тірегі" көрмесімен ашылды. Мәдени және ғылыми-танымдық іс-шараларының дәстүрлі онкүндігі аясында көшпелі семинарлар, конференциялар, кинокөрсетілімдер, музей сабақтары, дәрістер, тақырыптық және квест экскурсиялар, кешенді көрмелер өткізілетін болады. Қазақстанның Тұңғыш Президенті 2019 жылды Жастар жылы деп жариялады. Елбасымыз әрдайым жастарға, әсіресе үлкен оқу орнында жүрген студенттерге қолдау көрсетіп, болашаққа деген ынталы-жігерлі жас ұрпақты тәрбиелеуге көңіл бөліп отырады. "Жас ұрпақ біздің сенімімізді ақтайтынына және Қазақстанды ғаламдағы ең озық 30 елдің қатарына шығара алатынына сенемін" деп Елбасымыз жастарға зор үміт артады. Бүгін еліміздің іргелі оқу орны саналатын М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінің ұстаздары мен жастары "Елбасы. Жастар. Жасампаздық" атты ақпараттық-имидждік көрме жобасымен танысатын болады – деді ол.

WhatsApp Image 2019-11-22 at 17.56.36.jpeg

Кеш барысында КАЗГЮУ кітапханасына Елбасы кітапханасы атынан Н.Ә.Назарбаевтың еңбектері, Елбасы туралы жазылған қазақстандық және шетелдік авторлардың кітаптары, әлеуметтік-саяси, экономикалық және мәдени тақырыптарға арналған өзекті әдебиеттері тарту етілді.

WhatsApp Image 2019-11-22 at 17.56.35.jpeg

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні – біз үшін ерекше мереке. Біздің университеттің өзі Нұрсұлтан Әбішұлының Бұйрығымен, "заң білімін дамыту және оның сапасын арттыру, республиканың заң саласындағы кадрларға деген сұранысын қанағаттандыру, құқықтық реформаны жүзеге асыру мақсатында" ашылған болатын. Елбасы кітапханасының атаулы мерекеге арнаған жобасын өткізу мен үшін үлкен мәртебе. Университетіміздің барлық студенттерін тәуелсіздігіміз бен мемлекетіміздің қалыптасу жолын баяндайтын көрме материалдарына ерекше назар аударуға шақырамын, – деп атап өтті "М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университеті" АҚ Басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев.

WhatsApp Image 2019-11-22 at 17.56.35 (1).jpeg

Ақпараттық-имидждік жобасы Елбасы кітапханасының архивтік және музейлік жинақтары негізінде "Елбасы. Жастар. Жасампаздық" кешенді көрмесімен ашылды. 

WhatsApp Image 2019-11-22 at 17.59.51.jpeg

Көрме дәйекті түрде үш тақырыпты насихаттайды: Қазақстан Республикасында президенттік институттың құрылу тарихы, Қазақстанның мемлекеттік жастар саясаты, болашаққа бағытталған елдің даму стратегиялары. Көптеген жәдігерлер алғаш рет Елбасы кітапханасынан тыс кең ауқымда көпшілік назарына ұсынылды.

Өзгелердің жаңалығы