Елбасы туралы кітап таныстырылды

1 Шілде 2020, 11:10
1919
Бөлісу:
Елбасы туралы кітап таныстырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Тәуелсіз Қазақстанның конституциялық құрылысындағы рөлі: Елбасы тәжірибесі" кітабының онлайн тұсаукесері өтті.  

Биыл елорда күні республиканың тұңғыш президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 80 жылдық мерейтойына сәйкес келіп отыр. Сондай-ақ, Конституцияның 25 жылдығы. Астана мен Ата заңның дамуы бір-бірімен тығыз байланысты. Конституцияны жазу, оны жүзеге асыру, елорданы әлемнің көрікті қалаларының біріне айналдыру үрдісі Елбасының тікелей басшылығымен жүзеге асты. Осы оқиғаларға арнап Конституциялық кеңес ҚР тұңғыш президентінің тәуелсіз Қазақстанның Конституциясындағы рөлін жан-жақты сипаттайтын кітабының тұсаукесерін өткізіп отыр, - деді ҚР Конституциялық кеңестің төрағасы Қайрат Мәми. 

Кітап Ұлт көшбасшысының сөйлеген сөздерінен, конституциялық саясаттың негізгі бағыттары талқыланған мемлекеттік органдардың отырыстарынан және өзге де дискуссиялық алаңдардан жинақталған практикалық материалдарды да қамтыды. 

Кітап конституциялық құрылыстың қазақстандық тәжірибесін зерттейтін жаңа ұрпақ саясаткерлеріне, тарихшы-ғалымдарға және заңгерлерге арналған.

Өзгелердің жаңалығы