Елбасы шешімдері өмірімізге өзгеріс әкелді – Жұмағалиев

6 Шілде 2020, 13:19
1786
Бөлісу:
Елбасы шешімдері өмірімізге өзгеріс әкелді – Жұмағалиев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Елбасының атына көптеген құттықтау айтылуда. Мен де жалпыұлттық челленджді қолдауды жөн көрдім, деп жазды facebook-тегі парақшасында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев. 

Елбасының басшылығымен жұмыс істеген жылдары оның терең ойлап, көреген шешімдер қабылдау қабілетіне таңданатынмын. ХҚКО, электронды үкімет - бұл Елбасының арқасында дүниеге келген және біздің өмірімізге өзгеріс әкелген жобалар. Ол электрондық үкімет туралы көпшілік бұл терминнің мағынасын білмеген кезде айта бастады. Мемлекеттік аппараттан үнемі жаңа жүйелер енгізуді, халықтың кезекте тұрмауы үшін қызметтерді автоматтандыруды талап етті. Нәтижесінде бүгін қызметтердің 80%-ін онлайн алуға болады, - деді Жұмағалиев.

Министр Нұрсұлтан Әбішұлының тапсырмасы бойынша ауылдарды телефон байланысымен қамтудың ауқымды жобасы қалай басталғаны есінде екенін айтты.

 Сол кезде қарапайым телефон ауылдардың бәрінде бірдей болған жоқ. Ал осыдан бірнеше жыл бұрын Тұңғыш президенттің тапсырмасы бойынша ауылдарды кең жолақты интернетпен қамтамасыз ете бастадық. Бүгін әрбір қазақстандықтың #elbasymenbirge хештегімен Елбасының болашаққа бағытталған осындай көреген шешімдері біздің өмірімізге қандай оң өзгерістер әкелгені туралы көп нәрсе айта алатынына сенімдімін. Жылдар бойы халық пен ел игілігі үшін жұмыс істеуге мүмкіндік беретін көшбасшылық құпия осы болса керек. Нұрсұлтан Әбішұлын мерейтойымен, ал барша қазақстандықтарды Елорда күнімен шын жүректен құттықтаймын! Мықты денсаулық, амандық пен барлық игілікті тілеймін, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы