Елбасы кітапханасында «Тәуелсіздік ұрпағы» байқауының қорытындысы жарияланды

28 Маусым 2021, 22:35
2148
Бөлісу:
Елбасы кітапханасында «Тәуелсіздік ұрпағы» байқауының қорытындысы жарияланды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Тұңғыш Президент – Елбасы кітапханасында «Тәуелсіздік ұрпағы» атты балалар мен жасөспірімдер арасында үздік арт-объектке жарияланған халықаралық байқаудың көрмесі мен жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті деп хабарлайды кітапхананың баспасөз қызметі. 

15 жылдан астам уақыт ішінде Елбасы кітапханасы балалардың шығармашылық қабілетін қолдау, оның ішінде жас таланттарды анықтау және республикадағы қосымша білім беру ұйымдарының жұмысын кеңінен насихаттау бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп келеді.

Дарынды жастар – еліміздің болашағы және әлеуеті, - дейді Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә. Назарбаев.

Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев та «жас буын өкілдерінің балалық шағы бақытты өтіп, дені сау, жан-жақты азамат болып өсуіне жағдай жасау – стратегиялық маңызы бар міндет» екенін жиі айтады.

Елбасы кітапханасында «Тәуелсіздік ұрпағы» байқауының қорытындысы жарияланды

Сайыс 10 жастан 18 жасқа дейінгі жастар арасында өткізілді. Қатысушыларға «Балалық шағымның арманы», «Халқымның аңыз-ертегілері», «Менің елім - менің әлемім» тақырыптары ұсынылды.

Халықаралық байқауға Қазақстанның түкпір-түкпірінен, сондай-ақ Әзербайжан, Бахрейн, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан, Филиппин, т.б. елдерден түрлі көркемдік техникада орындалған 800-ден астам жұмыс түсті.

Елбасы кітапханасында «Тәуелсіздік ұрпағы» байқауының қорытындысы жарияланды

Жас ерекшелігіне қарай бөлінген үш түрлі топтың І, ІІ, ІІІ орындары мен гран-при жеңімпаздары анықталды. Олар сыйлықтармен және алғыс хаттармен марапатталды.

Елбасы кітапханасында «Тәуелсіздік ұрпағы» байқауының қорытындысы жарияланды

III орын: Мадина Гамзатова (Баку), Аружан Алмағамбетова (Атырау), Вениамин Арсентьев (Петропавл), Аслы Құбайдолла (Атырау), Айдария Ерлан (Нұр-Сұлтан).

II орын: Дейн Колин Балмонто (Бахрейн), Салтанат Сайлау (Шымкент), Әнел Нұрманова (Ақтөбе), Ксения Мозгова (Ақтөбе), Дарья Барышникова (Көкшетау).

Елбасы кітапханасында «Тәуелсіздік ұрпағы» байқауының қорытындысы жарияланды

1 орын: Мадина Умарова (Ташкент), Айша Бейсембаева (Екібастұз), Амина Макашева (Шахтинск).

Гран-при: Элли Анн Симеон (Бахрейн), Назкен Болатқызы (Шымкент), Никита Типикин (Мәскеу), Алина Манапова (Өскемен), Таснин Жамболатова (Нұр-Сұлтан).

Елбасы кітапханасында «Тәуелсіздік ұрпағы» байқауының қорытындысы жарияланды

Елбасы кітапханасы көптеген жылдар бойы «Балалық шақтан көзқарас» атты балалар шығармашылығы жобасын дамытып, қатысушылардың жұмыстарынан құралған каталогтар мен альбомдарды шығарып, вернисаждарды ұйымдастырып келеді. Шындығында, мұның бәрі балалар шығармашылығының интеллектуалды және ұйымдастырушылық әлеуетін қалыптастыратын мекеменің беделін арттырды. Соңғы төрт жылда Қазақстанның әр аймағындағы балаларға арналған көркемөнер мектептерімен кездесулер өткіздік. Бүгінгі байқау – сол жұмыстың жалғасы. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы тұсында Елбасы кітапханасы Нұрсұлтан Назарбаев қорымен және Нұр-Сұлтан қаласының балалар көркемсурет мектебі – ЮНЕСКО клубымен бірлесіп, көрші елдердің суретші оқушыларын қазіргі динамикалық әлемдегі Отан, патриотизм ұғымдарын көркем тілмен түсіндіруге шақырды. Бұл – посткеңестік кеңістік елдерінің тәуелсіздік жылдарында өскен ұрпағы санасының, рухани әлемінің көрінісі. Ұсынылған жұмыстар балалардың қазіргі заманғы көркем өнерін қыр-қырынан ашып, байқау жұмыстары жетекшілерінің кәсіби шеберлігін көрсетеді, - деді Елбасы кітапханасы директорының орынбасары Күлайша Ақтаева.

Марапаттау рәсіміне Нұрсұлтан Назарбаев қоры атқарушы директорының орынбасары Әлкей Марғұланұлы, Нұр-Сұлтан қаласының балалар көркемсурет мектебі – ЮНЕСКО клубының директоры Гүлзия Исенова, Суретші педагогтердің халықаралық одағы мүшесі Динара Нөгер де қатысты.

Іс-шараға қатыса алмаған кей жеңімпаздар бейне үндеуін жіберді.

Мен үшін бұл сайысқа қатысу – үлкен абырой. Еңбегімнің Қазақстандағы бағаланғанына өте қуаныштымын. Сіздерге ризашылығымды білдіріп, жақсылық тілегім келеді, - деді Бахрейннен келген қатысушы Дейн Колин Балмонто.

Көркем өнер бағытында ұйымдастырып жатқан сайыстарыңызға бірнеше рет қатысып үлгердім. Соны байқап, жұмыстарымды жоғары бағалағандарыңызға көп рахмет! Қазақстандықтарды Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтаймын! - деді өзбекстандық Мадина Умарованың видеосында.

Елбасы кітапханасында ұсынылған көрмеде бейнелеу өнері мен қолданбалы өнер бағытында орындалған үздік 50 жұмысты тамашалауға болады.

Көрме ағымдағы жылдың қыркүйегіне дейін жалғасады. Экспозиция материалдарын presidentlibrary.kz веб-сайтының «Көрмелер», «Жобалар» бөлімінен табуға болады.


Өзгелердің жаңалығы