Елбасы кітапханасы мен Білім министрлігі келісім орнатты

4 Қараша 2020, 13:03
2570
Бөлісу:
Елбасы кітапханасы мен Білім министрлігі келісім орнатты
PHOTO
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елбасы кітапханасының мұражайдың жаңа ғимаратында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы мен Білім және ғылым министрлігі өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. 


Асхат Аймағамбетов шара алдындағы мұражайдың жаңа ғимаратына жасалған экскурсия туралы айтып берді.

Шын мәнінде, керемет әсер алдық. Әсіресе, бұл білім және ғылым саласы үшін маңызды орын деп санаймын. Елбасы ұсынған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жүзеге асырылып  жатыр. Бұл бағдарлама білім және ғылым саласында кеңінен жүзеге асырылып жатыр. Бағдарлама аясында сабақтарды осы мұражайға келіп өткізудің маңызы зор деп ойлаймын. Бұл жұмысты ұйымдастырамыз. Балалар тұрмақ, өзімізге де керемет қызықты болды. Қазіргі заманға сай жәдігерлер, әр түрлі кітаптар бар. Тұнып тұрған тарих қой, - деді Аймағамбетов.
БИЛ2.jpeg

Министр меморандумға дейін де Елбасы кітапханасымен тығыз қарым-қатынас орнатылып, бірқатар іс атқарылғанын айтты.


«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында бірқатар жұмыс атқарылды. Ол тек ЖОО саласында емес, балабақша, мектеп пен колледж, ғылым саласында ауқымды жұмыс атқарылды. Ол жұмысты әрі қарай жалғастырамыз деп ойлаймын. Конференциялар мен байқаулар өткіземіз. Осы жұмысты бірге іске асырамыз деп ойлаймын. Меморандум аясында жұмыс жоспарын бекітсек, балабақшадан бастап орта білім, жоғары білім мен ғылым саласында сол кестеге сәйкес жұмыс атқарылса деп жоспарлап отырмыз, - деді ол. 
БИЛ1.jpeg

Өз кезегінде Елбасы кітапханасының басшысы Әмірхан Рахымжанов меморандум аясында 2-3 жыл ішінде 7 облыста ауқымды конференциялар өткізілгенін айтты.

Аймақтағы университеттерде халықаралық конференция өткізілді. Оған мыңдаған студент қатысып, мыңдаған профессор Елбасы еңбегін сарапшылар алдында паш етті, - деді Рахымжанов.
БИЛ3.jpeg

Келісімге Елбасы кітапханасының басшысы Әмірхан Рахымжанов және Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қол қойды. Меморандум кітапхана мен министрліктің  бірлескен мәдени-ағарту және ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. 

Елбасы кітапханасы мен Білім министрлігі келісім орнатты

Меморандумның негізгі ынтымақтастық формасы ортақ зерттеу бағдарламалары, ғылыми-практикалық іс-шаралар ұйымдастыру және ақпарат алмасу болмақ.


Өзгелердің жаңалығы