Елбасы – дарынды балаларға арналған мектептің негізін қалаушы

26 Қараша 2020, 18:17
1786
Бөлісу:
Елбасы – дарынды балаларға арналған мектептің негізін қалаушы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Тұңғыш Президент білім саласының дамуына, педагогтардың мәртебесін көтеруге, заманауи талаптарға сай мектептерді салуға зор көңіл бөлді, дейді Қостанай облысының «Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернаты» директоры Ырысалды Келинбердиева. 

Нұрсұлтан Назарбаевтың 1996 жылғы 24 мамырдағы «Дарынды балаларға арналған мектептерді мемлекеттік қолдау және дамыту туралы» жарлығынан соң еліміздің түкпір-түкпірінде дарынды балаларға арналған мектептер ашыла бастап, жас ұрпақ қабілетін шыңдайтын ұстанаха пайда болды.

Осылайша Қостанай облысында да 2000 жылы Ыбырай Алтынсарин атындағы №1 лицей -интернаты дарынды балаларға арналған мемлекеттік тілде оқытатын Ыбырай Алтынсарин атындағы мектеп- интернаты болып қайта ұйымдастырылды. 20 жылдың ішінде білім ордасынан мыңға жуық дарынды шәкірт заманауи талаптарға сай білім алып, егеменді елімізге қызмет етуде, - дейді ол. 

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – әлемнің қазіргі тарихындағы кемеңгер тұлға. Елбасы жер-жаһанға мемлекеттің бейбіт және ядролық қарусыз саясатын паш етіп, Қазақстанды жоғары халықаралық деңгейге шығарды. Қазақстан Республикасын Еуразия кеңестігіндегі стратегиялық қуаты күшті, маңызы зор мемлекет ретінде мойындалып отыр.

 Тұңғыш Президент күні мектебімізде ерекше аталынып өтеді, өйткені Тұңғыш Президенттің өмір және еңбек жолы жастарға тәрбие мен үлгінің сарқылмас қазынасы.

Өзгелердің жаңалығы