Елбасы әлем мойындаған жаһандық бастамалардың авторы – Шавкат Мирзиёев

1 Желтоқсан 2020, 09:40
2169
Бөлісу:
Елбасы әлем мойындаған жаһандық бастамалардың авторы – Шавкат Мирзиёев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұрсұлтан Назарбаевтың атына шетелдік мемлекеттер басшыларынан, экс-президенттерден, бұрынғы үкімет басшылары мен саяси қайраткерлерден, алыс-жақын шет елдердің бизнес өкілдерінен хаттар келіп түсті, деп хабарлады elbasy.kz.

Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Елбасыға мықты денсаулық, бақыт және ел игілігі жолындағы қызметіне мол табыс, ал Қазақстан халқына тыныштық, бақ-береке, орнықты даму және бақуаттылық тіледі.

Тұңғыш Президент күні – көпұлтты Қазақстан халқының тарихи таңдауы, бейбітшілік пен тұрақтылықтың, ұлт бірлігі мен келісімінің ерекше символы. Сіз ұзақ жыл бойы елдің көшбасшысы, барлық саладағы тиімді реформалардың және тәуелсіз Қазақстанның ғаламат жетістіктерінің негізін қалаушы, әлемдік қоғамдастық мойындаған жаһандық бастамалардың авторы, тәжірибелі әрі танымал саясаткер, халқына және туған жеріне қызмет етуді өзінің қастерлі парызы санайтын білікті басшы ретінде көпшілікке танылып, үлкен құрметке ие болдыңыз, – делінген жеделхатта. 

Америка Құрама Штаттарының 66-шы Мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс өз құттықтауында Қазақстанның қарқынды дамуындағы Елбасының ерекше рөлін атап өтті.

Біздің Тұңғыш Президентіміз Джордж Вашингтон америкалық құндылықтарды болашақта атқаратын істеріміздің негізіне айналдыра білді. Сіз Қазақстан үшін де дәл осындай игі жұмыс атқардыңыз. Сіздің ядролық қарудан бас тарту және ғажап елорданы салудан бастап, бейбіт транзитті жүзеге асыру сияқты шешімдеріңіз сөзіме дәлел, – делінген жеделхатта. 

Түркия Республикасының бұрынғы Президенті Абдулла Гүл өз құттықтауында Қазақстанның Тұңғыш Президентінің жас мемлекетті қалыптастыруға және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесін атап өткен.

Сізге зор денсаулық пен бақ-береке тілеймін. Қазақ халқының жарқын болашағына сенімдімін. Қазақстанның түркі әлемінде алатын орны бөлек. Қазақ-түрік қатынасының өркендей беруіне тілектеспін, – делінген жеделхатта.

Ұлыбританияның бұрынғы Премьер-министрі Тони Блэр Қазақстанның Тұңғыш Президентінің тәуелсіз ел тарихындағы маңызды рөлін атап өткен.

Елдің табысы мен тұрақтылығы көбіне Президент Назарбаевтың басшылығымен байланысты. Қазақстанды күтіп тұрған барлық қиындықтар мен реформаларға қарамастан, қазіргі уақытта мемлекет болашаққа нық сеніммен қарай алады, – деді Тони Блэр. 

Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаевқа жылы лебіздері мен қолдауын Эстония Республикасының экс-президенті Арнольд Рюйтель, Тәуелсіз мемлекеттер достастығы Атқару комитетінің төрағасы – Атқарушы хатшысы Сергей Лебедев, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының бас хатшысы Станислав Зась, БҰҰ бұрынғы Бас хатшысы, Жасыл дамудың жаһандық институтының төрағасы Пан Ги Мун, Еуропа қайта құру және даму банкінің бірінші президенті Жак Аттали, Испания Үкіметінің бұрынғы басшысы Хосе Мария Аснар, Италияның экс-премьер-министрі Романо Проди, Италияның бұрынғы Сыртқы істер министрі Франко Фраттини, АҚШ-тың бұрынғы Мемлекеттік хатшысы Колин Пауэлл, басты иудей ұйымдары жетекшілері конференциясы төрағасының орынбасары Малькольм Хенлайнн, «Chevron Corporation» компаниясының бұрынғы басқарма төрағасы және бас директоры Кен Дерр білдірді.


 


 


 

Өзгелердің жаңалығы