Ел шекарасында сирек кездесетін қонжықтарды заңсыз алып өтпек болғандар ұсталды

2 Мамыр 2022, 13:13
1549
Бөлісу:
Ел шекарасында сирек кездесетін қонжықтарды заңсыз алып өтпек болғандар ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздің шекарасында контрабандалық жолмен Ресейден Өзбекстанға төрт қоңыр аюдың қонжығын алып өтпек болғандар ұсталды. Бұл туралы Ресей мемлекеттік циркінің сайты хабарлады.

Белгілі болғандай, ресейлік кәсіпкер Өзбекстан азаматына төрт қонжықты сыйға тартқан. Екі айлық қонжықтар Гита, Зита, Чук пен Гек республикамыздың шекарасында Сагарчин ауылында контрабандашылардан алынып, Оренбургтегі Ресей мемлекеттік циркінің филиалына табысталды.

Оның алдында Самарадағы кеден бекетінің қызметкерлері автокөліктің салонында тар торларда төрт қонжықты байқаған. Тексере келе, жүргізушіде оларды тасымалдауға рұқсат құжаттарының болмағаны анықталды. 

Айта кетерлігі, аюдың бұл түрі жоғалып кетудің алдында тұрғандықтан Халықаралық сауда туралы Конвенцияның қамқорлығына берілген. 

Бізге қонжықтар контрабандашылардың қолына түскенін айтып Ресей табиғатты қадағалау қызметкерлері жүгінді. Мемлекеттік цирк үшін жануарлармен жұмыс істеу қызметтің негізгі түрі болғандықтан қонжықтарды уақытша ұстай тұруға өзімізге қабылдап, барлық жағдайын жасап жатырмыз. Қонжықтарды ветеринар дәрігерлер қарап, вакцинация жасады. Норматив бойынша әр 4 сағат сайын оларды тамақтандырудамыз, - деді Ресей мемлекеттік циркінің директоры.  

Өзгелердің жаңалығы