Ел құрамасы XX қысқы Сурдлимпиадада шахматтан қола жүлдені иеленді

12 Наурыз 2024, 22:48
391
Бөлісу:
Ел құрамасы XX қысқы Сурдлимпиадада шахматтан қола жүлдені иеленді
Фото: Спорт және дене шынықтыру істері комитеті

XX қысқы Сурдлимпиадада Қазақстан ерлер құрама командасы классикалық шахматтан 10 ұпай жинап, қола медальға ие болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің мәліметінше, жарыстың алтын жүлдесін 12 ұпай жинаған Хорватияның спортшылары жеңді. Ал күміс медаль 11 ұпай жинаған Польша командасына бұйырды.

Ұлттық құрама сапында Сұлтан Қожахметов, Самажан Кеттебеков, Максим Рожков, Амангелді Наурызғалиев, Мейрман Пернеев және Виктор Максименко ойнады.

Классикалық шахматтан жарыс қызу өтті, қарсыластарымыз осал болмады. Ойын барысында еліміздің спортшылары Италия, Германия және Сербия құрама командаларын жеңіп, Украина мен Польша командаларымен тең ойнап, тек Хорватия командасына есе жіберген болатын. Жарыстың нәтижесінде командамыз 7 турдан өтіп, он үш команда арасында үшінші орынға тұрақтады, - деді шахматтан аға жаттықтырушы Елдос Күзербаев.

Айта кетейік, XX қысқы Сурдлимпиада Түркияның Эрзурум қаласында 2-12 наурыз аралығында өтті. Жарысқа Қазақстан атынан 26 спортшы (шахматтан, сноубордтан және шаңғы жарысынан) қатысты.

Өзгелердің жаңалығы