Ел құрамасы маунтинбайктан қола жүлдегер атанды

9 Мамыр 2024, 23:50
330
Бөлісу:
Ел құрамасы маунтинбайктан қола жүлдегер атанды
Фото: Спорт және дене шынықтыру істері комитеті

Малайзияның Патраджайя қаласында маунтинбайктан Азия чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Спорт және дене шынықтыру істері комитеті мәлімдеді.

Жарыстың алғашқы күні кросс-кантри эстафетада Қазақстан құрамасы үздік үштікті түйіндеді. Мәре сызығын бірінші болып Қытай командасы кессе, Индонезия күміс, Қазақстан қола жүлдегер атанды.

Біздің команда құрамында Ілияс Рахимов, Денис Сергиенко, Алина Саркулова, Никита ⁠Галкин, Мадина Жұртыбаева, Евгения Заамсынға түсті.

Бұл бағдарламада барлығы 8 құрама жарыс жолына шықты. Сары құрлық бәсекесі 12 мамырда аяқталады.

Өзгелердің жаңалығы