Ел құрамасы Азия чемпионатында 1-орынды иеленді

25 Шілде 2023, 09:18
947
Бөлісу:
Ел құрамасы Азия чемпионатында 1-орынды иеленді
PHOTO
Фото: Мәдениет және спорт министрлігі

 Каратэден Қазақстан құрамасы Малайзияда өткен Азия чемпионатында 3 алтын, 4 күміс және 4 қола медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық 1-ші орынға ие болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тұғырдың ең жоғары сатысына Қайсар Алпысбай (60 келіге дейін) және Нұрқанат Әжіқанов (75 келіге дейін) көтерілді. Қыздар арасында Софья Берульцева (68 келіден жоғары) алтын медаль жеңіп алды.

Ел құрамасы Азия чемпионатында 1-орынды иеленді

Дидар Әмірәлі (67 келіге дейін), Мөлдір Жаңбырбай (50 келіге дейін), Гүлмира Үсенова (55 келіге дейін) және «кумитэ» бойынша ерлер командасы күміс медаль жеңіп алды.

Ел құрамасы Азия чемпионатында 1-орынды иеленді

Жоламан Биғабыл (55 келіге дейін), Лия Қошқарбаева («ката» жаттығуы), Данияр Юлдашев (84 келіге дейін) және Абылай Төлтай (84 келіден жоғары) құрама қоржынына қола медаль салды.

Ел құрамасы Азия чемпионатында 1-орынды иеленді

Жарысқа барлығы 31 елден 400-ден астам каратэ шебері қатысты. Қазақстанның намысын 19 спортшы қорғады. Біздің құрама жалпымедальдық есеп бойынша бірінші орынға көтерілді.

Спортшылардың әрқайсысын құрлықтық біріншілікте жеңіп алған марапаттарымен құттықтаймын! Бұл шынымен де тарихи нәтиже. Команданың жаттықтырушылар құрамына алғыс айтқым келеді. Қазақстан құрамасына жеңіс тұғырынан түспей, алдағы Азия ойындарында да осындай нәтиже көрсетуге тілектеспін. Мұндай жетістік көптеген жас каратэшілерді болашақта үлкен жеңістерге шабыттандырады, деп үміттенемін. Ал, біз спортшыларымызға барынша қолдау көрсетуді жалғастырамыз, — деді Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов.

Өзгелердің жаңалығы