Ел мектептерінде педагог-ассистент қызметі енгізілді

8 Қыркүйек 2021, 12:00
14701
Бөлісу:
Ел мектептерінде педагог-ассистент қызметі енгізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздегі мектептерде педагог-ассистент лауазымы енгізілді. Мұндай мамандар ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларды оқытуда, яғни инклюзивті білім беруде сұранысқа ие. Олар балалардың мектепке тез үйреніп кетуіне көмектеседі.

БҒМ баспасөз қызметі хабарлағандай, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің тапсырмасы бойынша еліміздің барлық өңірінде 700-ге жуық педагог-ассистент жұмысқа кірісті.

Айта кетейік, ҚР БҒМ-мен ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту үшін қолайлы жағдай жасау барысында жұмыс жасалып жатыр.

Бұл мұғалімді алмастыру деген сөз емес. Педагог-ассистенттердің алдында педагогика мен психология тоғысында ерекше мақсат-міндеттер қойылған. Атап айтсақ, балаларды бағыттау, олардың оқу процесіне бейімделулеріне көмектесу. Әңгіме ерекше қажеттіліктері бар балалар туралы болғандықтан, педагог-ассистент техникалық қолдау да көрсете алады. Мәселен, егер бала өз бетінше қозғала алмаса. Немесе егер балаға дефектологтың көмегі қажет болса, педагогикалық қолдау қажет. Біз бұл жұмыста белсенділік танытып жүрген үкіметтік емес ұйымдарға ризашылығымызды білдіреміз, - деді ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Гүлмира Кәрімова.

Бұдан басқа, педагог-ассистент ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған жеке білім беру бағдарламаларын әзірлеуге қатысады. Қажет болған жағдайда оқу бағдарламалары білім алушылардың қажеттіліктеріне бейімделеді. Олар өткен материалды игеруге ғана емес, сонымен қатар ерекше қажеттіліктері бар баланың дағдыларын дамыту динамикасын бақылауға көмектеседі. Сонымен қатар ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтау үшін қажетті жағдайлардың сақталуын қадағалайды.

Министрлік педагог-ассистенттерді басқа да білім беру ұйымдарына қосу, сондай-ақ олардың жұмыс жүктемесін анықтау бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы