Ел Конституциясы мен жеке табысы – қарағандылықтар өз жетістіктері туралы айтты

27 Тамыз 2021, 13:27
1187
Бөлісу:
Ел Конституциясы мен жеке табысы – қарағандылықтар өз жетістіктері туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандылықтар ҚР Конституциясы күніне арналған онлайн-кездесуде конституциялық құқықты іске асыру және қойылған мақсаттарға қол жеткізу туралы өз жетістіктерімен бөлісті. Бұл туралы облыс әкімдігі хабарлады.

«Тәуелсіз Қазақстан: Жасампаздыққа толы жылдар. Карағанды облысынның басты жетістіктері» тақырыбында өткен дөңгелек үстелге саясаткерлер, қоғамшылдар және түрлі мамандық иелері қатысты.

Биыл Конституция күні Тәуелсіздіктің 30 жылдығында өтуде. Біз еліміздің негізгі Заңы уақыт сынынан өтіп, жалпыұлттық дамуда өзінің негіз қалаушы маңызын дәлелдеді деп нық сеніммен айта аламыз, - деп атап өтті облыс әкімі Жеңіс Қасымбек.

Мысалы, облыстың 498 мектебі біздің балаларымыздың тегін білім алу конституциялық құқығын іске асыруға мүмкіндік береді.

 Өңірдің 150-ден астам медициналық мекемелері тегін медициналық көмек алу құқығымызды жүзеге асырады. Облыста 1000 үкіметтік емес ұйым, 6 партия филиалы, 65 кәсіптік одақ жұмыс істейді, олар арқылы азаматтардың бірлесу бостандығына конституциялық құқығы іске асырылады,- деді ол.

Өңір басшысы ауыл әкімдерінің алғашқы тікелей сайлауын еске салды. Бұл қоғамды демократияландыру жолындағы тағы бір қадам, деп атап өтті ол.

Осы сайлаудың жеңімпаздарының бірі, 27 жастағы Расул Қасенхан жоспарларымен бөлісті.

Мен Балқашта туып өстім. Бала кезімнен біздің аймақтың қоғамдық өміріне белсенді қатысуға ұмтылдым. Гүлшат кентінің әкімі бола отырып, бірінші кезекте проблемаларды зерттедім. Ауыл өмірі жайлы болып, жастар туған жерінде қалуы үшін мен оларды шешуге күш саламын. Себебі ауылды дамыту – еліміздің өркендеуінің кепілі, - дейді жас әкім.

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы, кенші Даниель Диль қиын еңбектің спорттық мансаппен қалай үйлесетінін айтып берді.

Мен шахтада жерасты тау-кен жұмысшысы болып қызмет етемін және бала кезімнен спортпен шұғылданамын. Қазір мен спорттық акробатикадан халықаралық дәрежедегі спорт шеберімін. Жеңістерге табандылық пен еңбектің арқасында қол жеткіземіз, сонымен бірге олар алға жылжуға ынталандырады. Жаттығуларымды жалғастырамын, - деп кенші-спортшы халықаралық аренада еліміздің даңқын тағы да асқақтатуға уәде берді, - деді ол.

Дөңгелек үстелде академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің ректоры Нұрлан Дулатбеков, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Берік Әбдіғалиұлы, Конституциялық Кеңестің мүшесі Унзила Шапак сөз сөйледі.

Өзгелердің жаңалығы