Ел экономикасы 3,4 пайызға өсті – Тоқаев

14 Шілде 2022, 10:41
1729
Бөлісу:
Ел экономикасы 3,4 пайызға өсті – Тоқаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты.

Күрделі геосаяси сын-қатерге қарамастан, еліміз бір қалыпты дамып келеді. Мұны жарты жылдық нәтижеден көріп отырмыз. Экономика 3,4 пайызға, ал нақты сектор 4,1 пайызға өсті. Әсіресе, өңдеу өнеркәсібі саласында айтарлықтай ілгерілеу бар, -деді Тоқаев.

Президенттің айтуынша,  инфляция да бір орында тұрған жоқ. Қазір бұл көрсеткіш 14,5 пайызға жетіп, 2015 жылғы деңгейден асып түскен.

Халықаралық экономикалық институттар Қазақстанның ЖІӨ биыл 2 пайызға ғана өседі деп болжап отыр. Бұған дейін олар 3,7% болатынын айтқан еді. Бұл үкімет жұмысының нақты көрсеткіші. Бүгінгі отырысты Әлихан Смайлов әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер туралы баяндайды. Ұлттық Банк төрағасы ақша, несие саясатына тоқталады,-деді Қ. Тоқаев.

Дегенмен, Тоқаев еліміздің экономикасы сын-қатерлерге төтеп беріп жатқанын айтты.

Қазір халықаралық институттар әлемдік экономика қарқыны бәсеңдейді деген болжам айтуда. Соған сәйкес инфляция жаппай өсуі мүмкін. Өңірлік дағдарыстың ұзаққа созылып бара жатқанын байқап отырмыз. Тіпті, бұл ахуал жаһандық тоқырауға ұшыратады деген қауіп бар. Осындай жағдайда Үкіметтің және Ұлттық Банктің негізгі міндеті – инфляцияны тұрақтандырып, азаматтардың табысын арттыру болуға тиіс. Сондай-ақ, жаңа жұмыс орындарын ашу қажет,-деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
 

Өзгелердің жаңалығы