Ел бюджетіне негізгі түсім жер қойнауын пайдаланушылардан түседі

26 Қазан 2021, 13:48
8347
Бөлісу:
Ел бюджетіне негізгі түсім жер қойнауын пайдаланушылардан түседі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Мемлекеттік кірістер комитеті ірі салық төлеушілер департаментінің директоры Ануар Сүлейменов хабарлады. Оның айтуынша, жер қойнауын пайдаланушылар ел бюджетінің негізгі донорлары болып отыр.

Жер қойнауын пайдаланушылар республикалық бюджеттің 35%-ын және Ұлттық қордың 99,9%-ға дейінгі түсімдерді қамтамасыз етеді. Яғни, елдің негізгі донорларының бірі болып табылады, - деді департамент директоры.

Ведомство басшысы сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушыларға салық салудың ерекшелігі әлемде де, біздің мемлекетімізде де өте ерекше екендігін алға тартты. Ал өнімді бөлу туралы келісімдер бойынша мұндай келісімдер жасалған күнге салық режимінің тұрақтылығы толығымен қамтамасыз етілген.

Еске сала кетейік, бұған дейін экономика секторлары бойынша салыққа түсімдер ұлғайғандығы туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы