Ел бойынша вакцинация қарқыны ең жоғары аймақ – Шығыс Қазақстан облысы

26 Тамыз 2021, 18:29
14037
Бөлісу:
Ел бойынша вакцинация қарқыны ең жоғары аймақ – Шығыс Қазақстан облысы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Даниал Ахметов емханалардың бас дәрігерлерімен, облыстың қалалары мен аудандарының әкімдерімен халыққа вакцина салу мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Ол қазіргі уақытта ШҚО-ның 11 мыңға жуық тұрғыны күн сайын коронавирусқа қарсы вакцина алып жатқанын атап өтті. Бұл - еліміз бойынша ең жоғары көрсеткіш.

Жаңа оқу жылының басталуына санаулы күндер қалды. Біз балалардың вирус жұқтыру қаупіне жол бермеуіміз керек. Вакцина салуға мемлекеттік тапсырыс алған емханалардың қандай да бір медициналық мекемеге тіркелген адамдармен дұрыс жұмыс істеуін бақылау қажет. Бұл мәселені қалалар мен аудан әкімдері, Денсаулық сақтау басқармасы және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры бақылауы тиіс, - деді Даниал Ахметов.

Сондай-ақ ол егу науқанына қатысты есепті күніне екі рет коронавирус инфекциясын таратпау жөніндегі кеңесте тыңдайтынын ескертті.


Өзгелердің жаңалығы