Ел бойынша 500-ден астам медициналық мекемеде ашық есік күні өтеді

1 Маусым 2023, 09:02
929
Бөлісу:
Ел бойынша 500-ден астам медициналық мекемеде ашық есік күні өтеді
Фото: ҚР ДСМ баспасөз қызметі

500-ден астам медициналық ұйым, бұл емханалар, балалар ауруханалары, оңалту орталықтары, балалар үйлері бейінді мамандарды, жетекші сарапшылар мен ғылыми қызметкерлерді тарта отырып, ашық есік күндерін өткізеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Балаларды қорғау күнінде еліміздің барлық өңірінде жас пациенттерге арналған түрлі іс-шаралар өтеді. Еліміздің медициналық ұйымдарында суреттер, оқырмандар конкурстары, топтық арт-терапия, балалар ертеңгіліктері, концерттер жоспарланған.

Мәселен, Шығыс Қазақстан облысында 1 маусымда босандыру ұйымдарында туған балаларды құттықтауды ұйымдастыру жоспарлануда.

Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарында мүгедектігі бар балаларды үйде құттықтау жоспарлануда.

«Ұлттық балаларды оңалту орталығы» КеАҚ-да ҰБОО мектебінің оқушыларына арналған «Соңғы қоңырау» салтанатты желісі жоспарлануда.

ҚР ДСМ «Бурабай» санаторийінде, Курортология және медициналық оңалту ҒЗИ-да мерекелік концерт, көңілді старттар, асфальттағы суреттер байқауы жоспарлануда, қонақтар мен қатысушыларға мерекелік және естелік сыйлықтар көзделген.

«Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» АҚ мерекелік концерт өткізеді, пациенттердің суреттері мен қолөнерінің көрмесі, жыл сайынғы асфальтта сурет салу байқауы, кескіндеме бойынша мастер-класс ұйымдастырылады.

«University Medical Center» КҚ балаларға сыйлықтар тапсыру және балаларды тексеру үшін Астана қаласының мамандандырылған балалар үйіне бару жоспарлануда.

Сондай-ақ мереке қарсаңында Ресейдің жетекші отохирургы, м. ғ. д., профессор Диаб Хассан ШҚО-дағы Ана мен бала орталығында мастер-класс өткізіп, кохлеарлық имплантаттау бойынша 14 операция жасады.

Бүгін Жетісу облысындағы «Қамқорлық» ерте араласу орталығының салтанатты ашылуы өтті. Денсаулық сақтау министрлігі барлық жас қазақстандықтарды Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтап, зор денсаулық тілейді!, - делінген министрліктің хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы