Ел азаматтарының мобильді аударымдары әзірге бақыланбайды – Қаржы министрлігі

18 Мамыр 2024, 23:53
561
Бөлісу:
Ел азаматтарының мобильді аударымдары әзірге бақыланбайды – Қаржы министрлігі
Фото: baq.kz

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов журналистермен кездесуде 2024 жылы салық органдары жеке тұлғалардың мобильді аударымдарын қадағаламайтынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Вице-министр қазір жеке кәсіпкерлерден декларация алып жатқандарын айтады.

Ал тек жеке кәсіпкерлер үшін келесі жылы мәліметтер аламыз. Барлық жеке тұлғалар үшін емес, тек жеке кәсіпкерлер үшін аламыз. Егер сіз жеке кәсіпкер болсаңыз және шартты түрде декларацияда "нөл" ұсынсаңыз, бірақ сіз 200-300 төлем-аударсаңыз, біз мұны кәсіпкерлік қызмет ретінде қабылдаймыз. Ал бүгінде жеке тұлға ретінде бір-біріңізге аударымдар жасасаңыз, бұл бүгін фискалдық орган тарапынан қадағаланбайды, - деді қаржы вице-министрі Ержан Біржанов.

Жеке тұлғалар үшін мобильді аударымдар 2026 жылы, олар әмбебап декларациялау жүйесіне енген кезде және фискалдық орган кіріс пен мүлік туралы декларацияны алған кезде бақыланады.

Өзгелердің жаңалығы