Ел аумағында бір тәулікте бес орман өрті тіркелді

Қазіргі уақытта өрт ошақтарын оқшаулау және толық сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.

 Экология және табиғи ресурстар министрлігі 13 Қыркүйек 2026, 23:55
13 Қыркүйек 2026, 23:55
116
Фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Бүгін, 13 қыркүйекте Қазақстанның мемлекеттік орман қоры аумағында бес орман өрті тіркелді.

Өрт ошақтары Алматы, Шығыс Қазақстан, Қызылорда және Павлодар облыстарында, сондай-ақ «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватында анықталды.

Өрттер мемлекеттік орман күзеті мен «Қазавиаорманқорғау» мамандарының әуе патрульдеуі кезінде анықталған. Оларды сөндіруге орман шаруашылығы қызметкерлері, ТЖД бөлімшелері, тікұшақтар мен әуе десанттары жұмылдырылды.

Қазіргі уақытта өрт ошақтарын оқшаулау және толық сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Жағдай Экология және табиғи ресурстар министрлігінің бақылауында.

Наверх