Ел аумағынан жанар-жағармайды заңсыз әкетудің 194 фактісі анықталды

7 Сәуір 2023, 12:16
485
Бөлісу:
Ел аумағынан жанар-жағармайды заңсыз әкетудің 194 фактісі анықталды
Фото: ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі

2023 жылдың 31 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының аумағынан жанар-жағармай өнімдерін заңсыз алып кетудің 288 фактісінің жолы кесілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан аумағынан бензинді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің кейбір түрлерін автомобиль көлігімен әкетуге тыйым салынған сәттен бастап мемлекеттік кірістер органдарымен мұнай өнімдерін үшінші елдерге заңсыз әкетудің 94 фактісі анықталған. Олар бойынша сотпен 1,5 млн теңгеден астам айыппұл салынып және 2 341 литр бензин мен 25 335 литр дизель отыны тәркіленді. 

ЕАЭО мемлекеттерімен шекарада 63 мың литрден астам (63820 л) жанар-жағармай өнімдерін шығарудың 194 фактісі анықталды. 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті жоғарыда көрсетілген тыйым (31.01.2023 жыл) күшіне енген күннен бастап электрондық декларациялаудың «АСТАНА-1» ақпараттық жүйесінде мұнай өнімдерін кедендік декларациялауға жол бермеу үшін тиісті шараларды қабылдаған. Осы шектеуге қатысты әкімшілендіру жұмыстары тұрақты негізде алты айлық тыйым салу кезеңінде жүзеге асырылады, - делінген Энергетика минитрлігінің хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы