Ел аумағынан ағаштың жекелеген түрлерін әкетуге тыйым салынады

19 Қазан 2021, 16:22
1660
Бөлісу:
Ел аумағынан ағаштың жекелеген түрлерін әкетуге тыйым салынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үкімет ел аумағынан ағаштың жекелеген түрлерін әкетуге тыйым салмақ. Бұл туралы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смайыловтың басшылығымен өткен сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы барысында белгілі болды. Бұл туралы Премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Атап айтқанда, ресейлік ағаштың рұқсатсыз қайта экспортталуын болдырмау, отандық кәсіпорындарды шикізатпен қамтамасыз ету үшін ағаштың жекелеген түрлерін қай елде шығарылғанына қарамастан, 6 ай мерзімге дейін ел аумағынан әкетуге тыйым салынды. 

Мұнымен қоса, Премьер-министрдің орынбасары әкетуге мораторийді алып тастау туралы шешім қабылданғанға дейін әр 6 ай сайын шектеулерді автоматты түрде ұзарту туралы ұсынысты мақұлдады. 

Күнбағыс тұқымы мен күнбағыс майын әкетуге квотаны ұлғайтудың қажеттілігі мен табиғи уран мен оның қосылыстарына экспорттық кедендік баж салығын енгізу мәселелері талқыланды.

Әлихан Смайылов, сондай-ақ, тұқым өндірушілердің мүдделерін ескере отырып, күнбағыс тұқымы мен күнбағыс майын экспорттауға квотаның оңтайлы көлемін анықтау және өнім бағасының өсуіне жол бермеу қажеттігін баса айтты. 

Ведомствоаралық комиссияға қойылған бірқатар мәселе тиісті министрліктердің ұсыныстарын ескере отырып пысықталады. 

Нақты шешім келесі талқылаудың нәтижелері негізінде қабылданады.

Өзгелердің жаңалығы