Парламент Мәжілісінің депутаты, Конституциялық комиссияның мүшесі Асхат Рахимжанов "Референдум–2026" онлайн-марафонында сөз сөйлеп, қалалардың ерекше мәртебесіне қатысты нормаларды түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оның айтуынша, қалаға ерекшемәртебе беріледі.
Алайда бұл оның Қазақстаннан қандай да бір түрде бөлініп шығатынын білдірмейді, себебі Конституцияда тиісті нормалар нақты бекітілген. Ел аумағы тұтас, бөлінбейді, ал шекаралар — мызғымас. Бізде биліктің айқын жүйесі бар. Жедел дамитын қалалар туралы айтқанда, Конституцияның 5-бабының 6-тармағында олар бойынша конституциялық заңдар қабылданатыны көрсетілген, - деді Асхат Рахимжанов.
Депутаттың айтуынша, осының бәрі мемлекеттік органдардың бақылауында болады.
Еске салайық, Астанада Ата Заңымыздың болашағына арналған "Референдум-2026" атты онлайн-марафон өтіп жатыр.