Ел астанасында шорт-тректен Қазақстан чемпионаты өтеді

24 Наурыз 2022, 23:28
1643
Бөлісу:
Ел астанасында шорт-тректен Қазақстан чемпионаты өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Наурыз айының соңында Нұр-Сұлтанда шорт-тректен Қазақстан чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Ел біріншілігі елордадағы «Алау» мұз сарайында 29-31 наурыз аралығында өтеді. Өзара мықтыны еліміздің ұлттық және жастар құрамасының спортшылары анықтайды.

Айта кетерлігі, қазіргі таңда Қазақстанның шорт-трек құрамасы Нұр-Сұлтандағы оқу-жаттығу жиынында шеберліктерін шыңдап жатыр.

Өзгелердің жаңалығы