Ел астанасында бокстан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионаты басталды

23 Қазан 2023, 22:25
919
Бөлісу:
Ел астанасында бокстан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионаты басталды
Фото: Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі

Бүгін Астанадағы Beeline Arena спорт кешенінде бокстан жасөспірімдер және жастар арасында Азия чемпионатының салтанатты ашылуы рәсімі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

23 қазан - 3 қараша аралығында сары құрлықтың 23 елінен келген 500-ге жуық жас спортшы Азия чемпионы атағына таласады. Жекпе-жек олимпиадалық жүйе бойынша өтеді.

Финалдық жекпе-жектердің жеңімпаздары 2-3 қарашада анықталады.

Іс-шараға Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев, Азия бокс конфедерациясының (ASBC) Бас хатшысы Әли Саламе, IBA президенті Умар Кремлев, Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышев қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

Өзгелердің жаңалығы