Экспорттық кеден бажы бойынша жоспар орындалмады – Қаржы министрлігі

11 Қазан 2022, 11:42
1130
Бөлісу:
Экспорттық кеден бажы бойынша жоспар орындалмады – Қаржы министрлігі

Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Жоспар импорттық кеден бажы, корпоративтік табыс салығы және шикі мұнайға салынатын экспорттық кеден бажы бойынша орындалмады. Корпоративтік табыс салығы бойынша жоспардың орындалмауы 2022 жылдың 9 айында 632 ірі салық төлеуші бойынша мәлімделген аванстық төлемдер сомасының өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 29%-ға азаюына байланысты, - деді Қаржы министрі. 

Айтуынша, салық бойынша жоспардың орындалмауына теңге бағамының өзгеруі де әсер етпей қоймаған. 

Шикі мұнайға салынатын экспорттық кеден бажы бойынша жоспардың орындалмауы нақты қалыптасқан экспорттық кеден бажы мөлшерлемесінің болжамды көрсеткіштен аз болуымен және теңгенің АҚШ долларына шаққандағы бағамының өзгеруімен байланысты, - деді ведомство басшысы. 

Сонымен қатар ол жергілікті қазынадағы кірістерге тоқталды. 

Жергілікті бюджеттердің кірістері 111,2%-ға атқарылды және 3,7 трлн теңгені құрады. Жоспар 371 млрд теңгеге, оның ішінде салықтар бойынша – 316 млрд теңгеге асыра орындалды. Кірістер бойынша жоспарлар барлық өңірлерде асыра орындалды, - деді Ерұлан Жамаубаев. 

Өзгелердің жаңалығы