Экспорттаушылар ЕО қаржыландырған 15 млн евроны құрайтын жобаға қатыса алады

19 Қыркүйек 2022, 11:50
1450
Бөлісу:
Экспорттаушылар ЕО қаржыландырған 15 млн евроны құрайтын жобаға қатыса алады
Фото: автордан

Бұл туралы QazTrade өкілі Айнұр Әмірбекова мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгін Ready4Trade Central Asia жобасының оқу бағдарламасы QazTrade Academy деген платформаны көпшілік алдына ұсынғалы отырмыз. Онда кәсіпкер, экспорттаушы немесе индустриализацияға шыққан стартаперлер курстан өте алады. Тек тіркеуден өту талап етіледі, платформа 24 сағат білім алуға ыңғайлы. Платформада қазіргі уақытта төрт жүйелі курс енгізілген. Оқуды өткеннен кейін сертификат ала алады. Одан бөлек QazTrade-тің де ютубқа арналған курстары бар, - деді QazTrade өкілі Айнұр Әмірбекова.

Айтуынша, жобаны Еуропалық Одақ қаржыландырып отыр. Белгілі болғандай, бүкіл Орталық Азия елдеріне бағытталған жобаның бюджеті 15 млн евроны құрайды. 

Айта кетерлігі, серіктесіміз – Халықаралық сауда орталығы бізге техникалық жағынан көмек көрсетіп отыр. Оқу бағдарламасы өте ерекше. Бұрынғы жобаларға қарағанда ауқымы үлкен. Оқу офлайн және онлайн түрде өткізіледі. Офлайн оқуымыз тамыз айында басталды, - деп атап өтті Айнұр Әмірбекова. 

Еске сала кетейік, бұған дейін елордада еліміздің экспортпен айналысатын барлық кәсіпкерлері түрлі салалар бойынша тегін курстар басталғаны туралы жазған болатынбыз. 

Өзгелердің жаңалығы