Экспорттауға рұқсат берілген тауарлар тізімі

15 Сәуір 2020, 22:17
1299
Бөлісу:
Экспорттауға рұқсат берілген тауарлар тізімі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардан өтінімдер түсуіне байланысты, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті халыққа қажетті тауарлардың қайсысын экспорттауға рұқсаттар мен шектеулер бар екеніне түсіндірме берді.

Қазіргі уақытта "Қазақстан Республикасының аумағынан жекелеген тауарларды шығарудың кейбір мәселелері туралы" ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі №111 бұйрығына сәйкес келесі:

- Бидай немесе қара бидай ұны;

- Жұмсақ бидай және меслин;

- Тұқымдық картоп;

- Бастапқы орамадағы тазартылмаған шикі күнбағыс майы, таза көлемі 10 литр немесе одан кем;

- Бастапқы орамадағы тазартылмаған шикі күнбағыс майы, таза көлемі 10 литрден артық экспортталатын тауарлар бойынша рұқсат беру қағидасы қолданылады.

Осыған байланысты, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі уәкілетті органымен берілген фитосанитарлық және (немесе) ветеринарлық сертификаттардың болуы аталған бұйрықты орындау шеңберінде тауарларға кедендік декларациялауды жүзеге асыру үшін негіздеме.

Сондай-ақ, аталған бұйрықпен Қазақстан Республикасының аумағынан мына тауарлардың шығарылуына тыйым салынған:

- Қарақұмық;

- Ақ қант;

- Тұқымдық картопты қоспағанда, картоп;

- Күнбағыс тұқымдары, ұнтақталған немесе ұнтақталмаған;

- Бастапқы орамадағы тазартылған шикі күнбағыс майы, таза көлемі 10 литр немесе одан кем;

- Бастапқы орамадағы тазартылған шикі күнбағыс майы, таза көлемі 10 литрден артық;

- Қарақұмық жармасы.

Өзгелердің жаңалығы