“Киелі Қазақстан” экспедициясының екінші кезеңі Алматыда басталды

5 Шілде 2019, 09:11
2922
Бөлісу:
“Киелі Қазақстан” экспедициясының екінші кезеңі Алматыда басталды

Алматы, BAQ.KZ. “Киелі Қазақстан” көп күндік атты экспедициясының екінші кезеңі басталды.

Тәжірибелі 25 шабандоздан тұратын топ болашақ атты турлардың бағдарын құру үшін таяудағы аймақты зерттейді. Жобаның мақсаты Қазақстанда атты туризмды насихаттау. Экспедиция барысында Алматы облысының ең маңызды көрнекті жерлеріне барып, туристерге ұсынылған бағдарлар бойынша нақты координаталары көрсетілген егжей-тегжейлі карталар сызылады.

Экспедиция ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитетінің тапсырысы бойынша өтіп жатыр. Ұйымдастырушысы – «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ.

«Атты туризм – ол туризм үшін бірегей құбылысОл бүкіл әлем бойынша кеңінен танымалдыққа ие болып жатыр. Қазақстанның тарихы атқа мінумен тығыз байланысты болғандықтан, оны біз дамытпасақ, кім дамытады? Бізде ол үшін қажеттінің бәрі бар – шексіз көрікті жерлер мен бала күнінен атпен жүру өнерін меңгерген шабандоздар. Мақсаттарымыздың өршіл екендігін жасырмаймын, біз әлемдік атты туризмның орталығы болуды көздеп отырмыз. Ол үшін он мыңдаған километр жолдарды зерттеп, жүздеген баңдар сызуымыз керек» – дейді «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Туристік өнімдерді қалыптастыру департаментінің бас менеджері Алина Ашляева.

Экспедиция барысында қатысушылар Алматы – Батан шатқалы – Ой-Қарағай шатқалы – Ассы обсерваториясы – Қара-Арша шатқалы – Жіңішке өзені – Аманжол үстірті – бірінші Көлсай көлі – Қайыңды өзені – Қайыңды көлі – Алматы бағытында жүріп өтеді.

Күн сайын топ 10–16 километр ұзақтықты басып өтеді, уақыттарының көбісін келешек жолнұсқалар үшін фото мен бейне тусірілім жасауға арнайтын болады.

Естеріңізге сала кетейік, 21-29 маусым аралығында Елорда-Жасыбай бағытына жүрген атты турдың күнделігі: Алғашқы күннің қорытындысы мен екінші күннің қызықтарын және үшінші күн мен төртінші күнніңбесінші күн мен алтыншы күннің, сондай-ақ жетінші күннің жолжазбасын осы жерден оқыңыздар.

Өзгелердің жаңалығы