Перу қылмыстық соты елдің бұрынғы президенті Олланта Умала мен оның жұбайы Надин Эредияны ақшаны жылыстатқаны үшін кінәлі деп танып, әрқайсысын 15 жылға бас бостандығынан айырды. Бұл туралы елдің Жоғарғы соты ресми түрде мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Сот үкіміне сәйкес, Умала мен Эредия сайлау науқандарын заңсыз қаржыландырумен айналысқан. Оларға 670 мың АҚШ доллары көлемінде айыппұл салынды. Эредияның ағасы 12 жылға сотталды, ал тағы төрт айыпталушыға 5 жылдан 8 жылға дейінгі жаза кесілді.
Айта кетейік, Умала 2011-2016 жылдары Перу президенті қызметін атқарған. Ол 2023 жылдың ақпанында 2006 және 2011 жылдардағы сайлау науқандарын заңсыз қаржыландырды деген күдікпен тұтқындалған.
Прокурорлардың мәліметінше, қаражат Венесуэладан, сондай-ақ Odebrecht пен OAS құрылыс компанияларынан түскен.
Оқи отырыңыз: