Алматының мемлекеттік кірістер департаментіне жаңа басшы тағайындалды

14 Мамыр 2021, 20:59
3272
Бөлісу:
Алматының мемлекеттік кірістер департаментіне жаңа басшы тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін қаржы министрі Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің ұжымына жаңа басшы Қанат Баеділовті таныстырды.

Қанат Баеділов 1967 жылы 19 қарашада Алматы облысы Кеген селосында туған.

Үйленген, 3 ұл тәрбиелеп отыр. 

Білімі жоғары, 1991 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін 2003 жылы экономист мамандығы бойынша бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын 1991 жылы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетіне жанындағы Мемлекеттік қаржылық бақылау комитетінің Бақылау-тексеру басқармасының аға бақылаушы-тексерушісі болып бастады.

1991 жылдан 1994 жылға дейін Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетіне жанындағы Мемлекеттік қаржылық бақылау комитетінің Бақылау-тексеру басқармасының аға бақылаушы-тексерушісі, Салық және сақтандыру органдарының қаржы-несиелік мекемелерін тексеру басқармасының бөлім бастығы;

1994 жылдан 1996 жылға дейін Алматы облысы бойынша Қазақстан Республикасы Қаржылық бақылау комитетінің Қаржы-несиелік органдарды тексеру және валюталық бақылау бөлімінің бастығы;

1996 жылдан 1998 жылға дейін Алматы облысы бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жанындағы Қаржы-валюталық бақылау комитетінің Басқарма бастығының орынбасары;

1998 жылдан бастап 1999 жылға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитетінің Білім, ғылым, мәдениет ұйымдарын және басқару органдарын тексеру бөлімінің бастығы;

1999 жылдан 2002 жылға дейін Алматы қаласының Түрксіб ауданы бойынша салық комитетінің төрағасы;

2002 жылдан бастап 2003 жылға дейін Алматы қаласының Медеу ауданы бойынша салық комитетінің төрағасы;

2003 жылдан бастап 2008 жылға дейін Алматы қаласы бойынша салық комитетінің төрағасы;

2008 жылдан 2009 жылға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының орынбасары;

2009 жылдан 2014 жылға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті нің Астана қаласы бойынша салық департаментінің басшысы;

2014 жылдан бастап 2017 жылдың мамырына дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің төрағасы.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылы 4 мамырдағы № 246 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі болып тағайындалды.

Өзгелердің жаңалығы