Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Экс-дипломат Сәкен Мамашқа қатысты сот үкімі шықты

Олжас АДАЙ
18 Шілде 2025, 15:29
1263
Бөлісу:
 автордан  коллаж BAQ.KZ
PHOTO
Фото: автордан коллаж BAQ.KZ

Астананың мамандандырылған ауданаралық соты әйеліне зорлық-зомбылық көрсеткені үшін айыпталған экс-дипломат Сәкен Мамашқа қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгін Астанада Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі елшілігінің бұрынғы кеңесшісі Сәкен Мамашқа қатысты сот үкімі жарияланды. Ол бұрынғы жұбайын жүйелі түрде қорлады деп айыпталған. Бұған дейін мемлекеттік айыптаушы оған 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұраған еді. Жәбірленушінің өтініші бойынша сот процесі жабық түрде өтті.

Қылмыстық-процестік кодекстің 387–390, 393, 395–398, 401–402-баптарын басшылыққа ала отырып, сот Сәкен Тәшкенбайұлы Мамашты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 110-бабы 2-бөлігі 1-тармағында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған орташа қауіпсіздік деңгейіндегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, – деп үкімді жария етті судья Артур Әбдіханов.

Сот Сәкен Мамашты 6 жылға бас бостандығынан айырды.

Экс-дипломат Сәкен Мамашқа қатысты сот үкімі шықты

2024 жылғы мамырда экс-дипломаттың жұбайы көпшілік алдында мәлімдеме жасап, күйеуінен 10 жыл бойы жыныстық және физикалық зорлық-зомбылық көргенін айтқан болатын. Әйел адамның айтуынша, ол өз өмірі мен балаларының қауіпсіздігіне алаңдап, мемлекеттен қорғау сұраған.

Осы жағдай қоғамда кеңінен талқыланғаннан кейін, Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Сәкен Мамашты Біріккен Араб Әмірліктеріндегі іссапарынан кері шақыртып алды. Ал оның жұбайы елге оралып, дағдарыс орталықтарының біріне орналастырылды.

Экс-дипломат Сәкен Мамашқа қатысты сот үкімі шықты

Кейін полиция экс-дипломатқа қатысты бұрынғы жұбайының шағымы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын растады. 2025 жылғы наурыз айының басында іс сотқа жолданды. Ал сәуірде Мамаш қамауға алынды.

Еске салайық, 10 маусымда әйелін жылдар бойы ұрып келген деп кінәланған экс-дипломаттың соты басталғанын жазған едік. 

Өзгелердің жаңалығы