Экосағат. Әлия Назарбаева экосағатты тұрақты өткізуге шақырды

3 Қазан 2019, 17:17
3300
Бөлісу:
Экосағат. Әлия Назарбаева экосағатты тұрақты өткізуге шақырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздің барлық мектептерінде ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі бастама еткен Республикалық экологиялық сағат өтті.

Барлық дерлік министрлер, өңірлердегі әкімдер мен қоғам қайраткерлері осы науқанның өткізілуіне қатыстырылды. Іс-шараның мақсаты – өскелең ұрпақты табиғи ресурстарға ұқыпты қарауға үйрету. Қазақстанның Экологиялық ұйымдары қауымдастығы Президиумының төрайымы Әлия Назарбаева осы бастаманы қолдап, №83 мектеп-гимназиясына барды.

WhatsApp Image 2019-10-03 at 16.59.05 (1).jpeg

Сөз сөйлеуі барысында А. Назарбаева барлық қауымдастықтарды, қоғам қайраткерлерін, бизнес өкілдерін, бұқаралық ақпарат өкілдерін экосағатты алдағы уақытта да өткізуді қолдауға шақырды.

WhatsApp Image 2019-10-03 at 16.59.06 (1).jpeg

Республикалық экологиялық сағатты өткізу аясында сабақ өткізіліп, осы сабақта танымдық ойындар ойнату, анимациялық видео-роликтерді қарап шығу және талқылау арқылы табиғи ресурстарды сақтау бойынша тәжірибелік дағдылар мен саналы қатынас қалыптасады.

WhatsApp Image 2019-10-03 at 16.59.05.jpeg

Экосағаттың қорытындысы ретінде мектеп алды алаңдарда ағаштар отырғызылды. Осы күн ішінде ел бойынша мектеп оқушылары, ал олармен бірге мұғалімдер, министрлер, әкімдер, қоғам қайраткерлері 200 мың ағаш отырғызды.

Экосағат қоршаған ортаны қорғау жөніндегі дүниежүзілік күнге орай өткізілді. Алдағы уақытта Эко-сағат мектептерде бекітілген жоспар бойынша тоқсан сайын өткізілетін болады және бұл ретте қоғамдастық балалармен және жастармен ресурстарға: суға, энергияға, қоршаған ортаға ұқыпты қарау қажеттілігі туралы әңгімелесуге тартылатын болады.

Өзгелердің жаңалығы