Экономикалық тергеп-тексеру департаменті "Тәртіпті өзіңнен баста" дәрісін өткізді

6 Ақпан 2025, 20:01
226
Бөлісу:
Экономикалық тергеп-тексеру департаменті "Тәртіпті өзіңнен баста" дәрісін өткізді
Фото: Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті

Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті «Заң мен тәртіп» науқаны аясында қаржы мониторингі органдарының ардагерімен бірге «Тәртіпті өзіңнен баста» акциясын өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қостанай қаласындағы «Білім-Инновация лицейінде» Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері ұйымдастырған «Тәртіпті өзіңнен баста» іс-шарасы өтті. Оған лицей оқушылары қатысып, қаржы мониторингі органдарының ардагері Әлімжан Қабиевтің әңгімесін тыңдау мүмкіндігіне ие болды.

Әлімжан Қабиев өз тәжірибесін бөлісіп, қаржылық бақылау және мониторинг саласындағы жұмысын баяндады. Ол қаржы тәртібін сақтаудың маңыздылығын, қаржы пирамидалары мен дропперлер сияқты қылмыстық схемалардың алдын алу жолдарын түсіндірді.

Кездесу барысында «Қаржы пирамидалары мен дропперлерге қарсы іс-қимыл» тақырыбында дәріс өтті. Лицеистер алаяқтықтан қорғанудың негізгі принциптерімен танысып, пікірталасқа белсенді қатысты.

«Тәртіпті өзіңнен баста» акциясы жастардың қаржылық сауаттылығын арттыруға және құқықтық нормаларды сақтау жауапкершілігін қалыптастыруға бағытталған. Іс-шара қаржы мониторингі саласында білім мен тәжірибе алмасудың құқықтық мәдениетті нығайтудағы маңызын көрсетті.

Өзгелердің жаңалығы