Экономикалық қысым: Моди үнділерді үнемшілдікке шақырды

Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди азаматтарды бензинді, алтынды және шетел валютасын үнемдеуге шақырды.

 x.com/NarendraModi Бүгiн 2026, 07:55
Бүгiн 2026, 07:55
182
Фото: x.com/NarendraModi

Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди халықты қоғамдық көлікті пайдалануға, қашықтан жұмыс істеуге көшуге және шетел валютасын үнемдеуге үндеді, деп хабарлайды BAQ.KZ The Times of India басылымына сілтеме жасап.

Хайдарабадта өткен іс-шара барысында Нарендра Моди азаматтарға қажетсіз алтын сатып алудан бас тартуды және шетелге қажетсіз сапарларды кейінге қалдыруды ұсынды, сондай-ақ пандемия кезіндегі үнемдеу шараларын елдің мүддесі үшін қайта енгізуді айтты.

Сонымен қатар, премьер бизнеске жүк тасымалында теміржолды белсендірек пайдалануды, ал тұрғындарға ортақ көлікті жиі қолдануды және электромобильдерге көшуді ұсынды.

Егер біз бір жыл ішінде бірнеше шағын өзгерістер енгізсек, онда едәуір көлемде шетел валютасын үнемдей аламыз, – деді ол.

Тыңайтқыш жеткізіліміндегі үзілістер аясында премьер фермерлерге химиялық тыңайтқыштарды екі есе аз қолдануды және кей жағдайларда табиғи егіншілікке көшуді ұсынды.

Нарендра Моди бұл тек елге қызмет ету ғана емес, сонымен қатар жауапты өмір салты және қиын кезеңде мемлекет алдындағы борышты орындау екенін атап өтті.

Ол жаһандық экономикалық күйзелістерге, жеткізу тізбегіндегі мәселелерге және халықаралық қақтығыстар, әсіресе Таяу Шығыстағы жағдайлар салдарынан туындаған бағаның өсуіне қарсы ұжымдық әрекетке шақырды.

Бүгінде бензинді, газды, дизельді және басқа да ресурстарды үнемдеп пайдалану қажет. Импорттық мұнай өнімдерін тек шын мәнінде қажет болғанда ғана қолдану керек. Бұл тек шетел валютасын үнемдеуге ғана емес, сонымен қатар соғыстың теріс салдарын азайтуға да көмектеседі, – деді ол.

Премьер үкіметтің алдымен аз қамтылған халықты сұйытылған газбен қамтамасыз етуге назар аударғанын, қазір болса бүкіл ел бойынша арзан газ жүйесін кеңейтіп жатқанын айтты.

Сондай-ақ Нарендра Моди азаматтарды "Made in India" белгісі бар өнімдерді қолдауға және күнделікті тауарлардың үндістандық баламаларын таңдауға шақырды

Наверх