"Экономикалық өсім жоспарланған деңгейден төмен": Бектенов әкімдерге шұғыл тапсырма берді

Премьер-министр Олжас Бектенов бірқатар облыста макроэкономикалық көрсеткіштердің жалпы өсуімен жекелеген бағыттар бойынша төмендеу тіркелгенін атап өтті.

 Үкімет Бүгiн 2026, 11:47
Бүгiн 2026, 11:47
136
Фото: Үкімет

Кейбір өңірлер жоспарлы өсімді қамтамасыз ете алған жоқ. Осыған қатысты Олжас Бектенов негізгі көрсеткіштерді тұрақты бақылауда ұстауды және олардың төмендеуіне мүлде жол бермеуді тапсырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өңірлерге келетін болсақ. Түркістан, Жамбыл, Алматы, Қызылорда, Павлодар, Батыс Қазақстан облыстары, Астана және Алматы қалалары барлық негізгі макрокөрсеткіштер бойынша өсім көрсетіп отыр. Бірақ кейбір өңірлер жоспарлы өсімді қамтамасыз ете алған жоқ. Ақмола облысында үш көрсеткіш, Атырау облысында төрт көрсеткіш төмендеген, - деп атап өтті Олжас Бектенов Үкімет отырысында.

Көрсеткіштердің төмендеуі байқалған Атырау және Ақмола облыстары әкімдерінің баяндамалары тыңдалды.

Өңір әкімдеріне қалыптасқан жағдайға жан-жақты талдау жүргізіп, қажетті шаралар қабылдауды тапсырамын. Барлық өңірлер негізгі көрсеткіштерді тұрақты бақылауда ұстасын, олардың төмендеуіне мүлде жол беруге болмайды, - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Наверх