Экологтар дабыл қақты: Каспий теңізіне төтенше жағдай енгізу керек пе?

15 Ақпан 2025, 22:49
458
Бөлісу:
Экологтар дабыл қақты: Каспий теңізіне төтенше жағдай енгізу керек пе?
Фото: ашық дереккөз

Кеше Астанада "Каспий на грани. You.Sea.Problem" атты халықаралық дөңгелек үстел өтті. Save the Caspian Sea жаһандық экологиялық қозғалысы ұйымдастырған шара экологтарды, қоғам қайраткерлерін, бизнес өкілдері мен мемлекеттік қызметкерлерді бір алаңға жинады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жиында әлемнің әр түкпірінен жиылған экологтар дабыл қақты. Мамандар Каспий теңізі Арал тағдырын қайталауы мүмкін екендігін айтты. Климаттың өзгеруі, бақыланбайтын өнеркәсіптік белсенділік және адамның араласуының жеткіліксіз реттелуі аймақтың бірегей экожүйесіне қауіп төндіреді.

Бүгінгі таңда Каспий теңізі үш дағдарыстың ошағында тұр: климаттық, экологиялық және экономикалық. Оның деңгейі соңғы 20 жылда бұрын-соңды болмаған қарқынмен - минус 2 метрге төмендеп барады. Ғасырдың соңына қарай біз оның су бетінің үштен біріне дейін жоғалтуымыз мүмкін. Ал экожүйе үшін таяз және маңызды солтүстік қайраң жойылып кетуі мүмкін., - деді Save the Caspian Sea қозғалысының жетекшісі Вадим Ни.

Каспий итбалығы жойылып кету қаупінде тұр. 2020 жылы жануарлардың бұл түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енгенімен, олардың өмірі жеңілдеген жоқ. Итбалықтардың жаппай қырылуын мезгіл-мезгіл естиміз. Гидробиология және экология институтында жұмыс істейтін ғылыми қызметкер Әсел Баймұқанова Каспий итбалығы популяциясына жүргізілген ғылыми бақылаулардың нәтижелеріне тоқталды.

2020 және 2022 жылдары жүргізілген көктемгі аэротүсірілімдердің нәтижелері бойынша мұздан кейінгі кезеңде қонған итбалықтардың саны шамамен 60 мың бас болды. 2023 жылы күзгі аэротүсірілімде 45 мың бас болды, - деді ол.

"Глобус" үкіметтік емес ұйымының директоры Галина Чернованың айтуынша, Қазақстанның табиғатты қорғау заңнамасында ескерілмеген өнеркәсіптік кәсіпорындардың апатты шығарындылары үлкен қауіп төндіреді.

Біздің еліміздегі төтенше жағдайдағы шығарындылар мен төгінділер экологиялық заңнамада ескерілмейді және рұқсат беру құжаттарында ешбір түрде тіркелмейді. Олар қоршаған ортаның газды ластау мен ластануының 80 пайызын құрайды, - деді.

Мамандар шұғыл әрекет етуге шақырады. Жиынға онлайн қатысқан Болат Дюсекин төтенше жағдай енгізуді ұсынды.

Өзгелердің жаңалығы