Экологиялық білім тұжырымдамасын қайта қарау керек – Балаева

27 Шілде 2020, 16:42
2208
Бөлісу:
Экологиялық білім тұжырымдамасын қайта қарау керек – Балаева

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы "Экологиялық білім: қазақстандық қоғамда экологиялық білім беру, экологиялық мәдениетті тәрбиелеу және қалыптастыру" тақырыбында өткен онлайн дөңгелек үстел отырысында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева айтты. 

Бүгін жақсы ұсыныстар айтылды. Жұмысты жақсы деңгейде ұйымдастыруға септігін тигізеді деп сенемін. Шынымен де, табиғатпен етене араласып, табиғатты аялап өсірген ата-бабалардың тәжірибесінен алшақтап кеткен сияқтымыз. Тәрбие отбасыдан басталатын еді ғой. Әр талды аялап, әр тасты киелі етіп өсірген елдің, бабаның ұрпағымыз. Соны ұмытып кеткен сияқтымыз. Табиғат ресрустарын тиімді пайдалану, оны қорғауды ұйымдастыру бағытында кешенді тәсіл керек. Барлығын мектепке салмай, әр отбасында тәрбие керек. Тек өскелең ұрпақ емес, қоғамды тәрбиелеу жұмыстарын жүргізу керек. Ұсыныстарды саралап, тиімді жүзеге асыру мәселелерін қарайтын боламыз. Тек біздің министрлік қана емес, өзге де министрліктермен қоян-қолтық жұмыс істеу керек. Оның ішінде қоғамдық ұйымдардың пікірі мен тәжірибесін ескере отырып, осы жұмысты үйлестіру жұмысын өз қолымызға аламыз деп сендіреміз, - деді Балаева. 

Министр атап өткендей, экологияны сақтау барлығының ортақ міндеті.

Экологияны сақтау - ортақ міндет. Біз барлық күш-жігерімізді біріктіріп, бірлесе жұмыс істеуге дайынбыз. Экологиялық білім беру көп азаматты алаңдатып отыр. Қоршаған ортаны қорғауға атсалысқан әрбір адамға алғысымды айтамын. Қазір жүйелік түрде экологиялық білім қалыптастыру тұжырымдамасын қайта қарау керек. Тұжырымдама жаңа қосымшалар мен жаңа шешімдерді енгізуді қажет етеді деп ойлаймын. Мен жұмыс тобын құруды қолдаймын. Оған білім беру және Экология министрлігі өкілдері кіретін еді. Президент халықтың экологиялық сауатын ашу бойынша осы министрліктердің қатысуын ерекше атап өтті, - деді ол. 

Министр экологиялық жеке акциялардың бірыңғай порталдарда біріккені дұрыс болатынын айтты. 

Ақпарат министрлігі ақпарат агенттіктерінің жаңалықтары арқылы насихаттайтын еді. Көп қызықты ақпарды әлеуметтік желілерде жариялауға болады. Сондықтан осы құраммен немесе кеңейтілген құраммен бүгін айтылған ұсыныстарды талқылау үшін кездесуге болады. Ақпарат министрлігі тарапынан үйлестіруші менің кеңесшім Лима Диас болады. Ақпараттық насихаттау бойынша министрліктің ресми өкілі Максим Рожин жұмыс істейді. Нақты мақсаттар анықталды. Бірлескен тиімді жұмыс істейміз деп ойлаймын. Өскелең ұрпаққа іс-әрекетіміз арқылы үлгі болайық, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы