Экологиялық журналистика бойынша оқыту курстары басталды

15 Наурыз 2021, 22:20
2391
Бөлісу:
Экологиялық журналистика бойынша оқыту курстары басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін, 15 наурызда, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті экология саласында маманданған журналистер үшін оқыту курстарын өткізуге кірісті. Бұл туралы министр Аида Балаева мәлімдеді.

Курстар 2020 жылы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі арасындағы Өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы жасасқан меморандумды жүзеге асыру аясында өткізілуде. Курсқа қатысушыларға бес күн бойы БАҚ-та экологиялық мәселелерді тарату, экологиялық білім беру мен тәрбиелеу, қалдықтарды кәдеге жарату және қоршаған ортаны қорғау проблемалары бойынша өзекті сұрақтар түсіндірілетін болады - деді министр.

Курстың ашылуында ҚР-дағы БҰҰ Жаһандық коммуникациялар департаментінің өкілі - Қазақстандағы БҰҰ Ақпараттық бюросының басшысы Властимил Самек мырза алғы сөз сөйледі.

Спикерлер ретінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушылары және Тәжірибешіл экологтар қауымдастығының төрағасы сөз сөйлейді.

Оқыту курстар 2021 жылдың 19 наурызына дейін өтеді.

Тікелей көрсетілім Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Facebook-тегі ресми парақшасында өтеді.

Өзгелердің жаңалығы